Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да туберкулезбен сырқаттану көрсеткіші төмендеген

Шығыс Қазақстан облысында 2022 жылы флюорографиялық тексеруден 353 096 адам өтті

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да туберкулезбен сырқаттану көрсеткіші төмендеген
Фото:
depositphotos.com

2022 жылы облыс бойынша туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіш деңгейі 100 мың адамға шаққанда 317 жағдай тіркеліп отыр, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Салыстырмалы түрде алсақ 2021 жылы өңірде ауруға шалдыққан 337 жан болған екен. Демек статистикалық деректер бойынша науқастардығ саны кемігенін көруге болады.

14 жасқа дейінгі балалар арасында туберкулезбен сырқаттанушылықтың 1 жағдайға төмендеуі байқалады. 2022 жылы 14 жасқа дейінгі балалар арасында 6 жағдай тіркелді. Облыс бойынша жасөспірімдер туберкулезімен сырқаттанушылық 5 жағдайға төмендеген, 2 жағдай тіркелді, осы контингенттің 100 мыңға шаққандағы сырқаттанушылық көрсеткіші – 8,3 (2021 жылы – 29,9 немесе 7 жағдай) құрады. Ал 2022 жыл ішінде туберкулездің 116 ошағы анықталды және тіркелді, барлық ошақтар тексерілді. Байланыста болған 722 адам анықталды, барлығы рентгенологиялық әдіспен тексерілді, көрсеткіштер бойынша микроскопиялық әдіспен 44 байланысқан адам тексерілді, - деп атап өтті брифинг барысында ШҚО санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысының орынбасары Сәуле Слямгазина.

2022 жылы өңірде флюорографиялық тексеруден 353096 адам өтті. 226 адамнан туберкулез анықталды. Әдеттегідей туберкулезге қарсы вакцина перзентханада және 1-сынып оқушылары арасында ревакцинация жүргізіліп тұрады. Биылғы қаңтар және ақпан айларында облыста туберкулезге шалдыққан 45 адам анықталды. 14 жасқа дейінгі балалар арасында 1 жағдай тіркелді. ДДҰ-ның соңғы мәліметі бойынша әлемде жыл сайын 10,6 миллион адам туберкулезбен ауырады және одан 1,6 миллион адам қайтыс болады.

Мамандар дер кезінде қаралып, аурудың алған дұрыс дейді. Шығыс Қазақстан облысында 4 аудан, яғни Шемонаиха ауданында, Алтай қаласында, Глубокое ауданында, Ұлан ауданында туберкулезге шалдыққан науқастардың саны басым.

Сондықтан барлық алдын-алу шараларын сақтау өте маңызды. Айта кетейік, туберкулездің алдын алу адам туылған сәттен басталады. 2-4 тәулікке жаңа туған қазақстандықтарға БЦЖ екпесіегіледі. Содан кейін 6 жасында-БЦЖ вакцинасымен ревакцинация жасалады. Ал 14 жасқа дейінгі балаларда туберкулин диагностикасы жүргізіледі. Ал 15 жастан асқан кезден бастап әрқайсымыз жылына бір рет симптомдар болмаса да флюорографиядан өтуіміз керек, - дейді ШҚО фтизиопульмонологиялық орталығының бас дәрігері Райфа Сафиоллинова.

Следующая →