ШҚО-дағы екі тас жол жабылды
Қар көшкіні қаупіне байланысты ШҚО-да екі тас жолда көлік қатынасына уақытша тыйым салынды
"Қазақавтожол" ЖШС ШҚОФ ақпараты бойынша, кеше кешкі сағат 20.00-ден бастап республикалық маңызы бар "Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнарлары" автожолының 6-166 шақырымындағы "Ушанов ауылы – Алтай қаласы" учаскесі көліктердің барлық түрлері үшін жабылды.
Сондай-ақ, "ОблШығысЖол" ЖШС мәліметі бойынша, сағат 20.00-ден бастап облыстық маңыс зы бар "Өскемен-Тарғын-Самар" тас жолының 88-145 шақырымындағы "Жоғары Тайынты-Самар ауылы" учаскесі 7 наурыз сағат 06.00-ге дейін жабылды.