Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-дағы өзендердің суы ластанып барады

Шығыс Қазақстан облысындағы кейбір өзендерде ауыр металдар қалыпты мөлшерден артық

Судың шамадан тыс ластанып жатқаны зерттеу кезінде анықталды, деп хабарлайды Устинка LIVE Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасап.

Ертіс өзеніндегі судың температурасы қазіргі сәтте -4 градусты көрсетіп тұр. Бірақ екі сағасын әлі мұз басып жатыр. "Қазгидромет" мамандары өңірдегі барлық өзіннен ай сайын сынама алады. Алғашқы зерттеу мен талдау өзеннің жағасында-ақ басталады. Негізгі талдау арнайы зертханада жасалады. Мәселен, бір ғана өзен суы бірнеше құтыларға құйылып, 48 түрлі көрсеткіш бойынша талданады екен.

Глубочанка өзенінде жоғары ластану байқалады. Марганец көрсеткіші жоғарыа. Риддер қаласындағы Брекса, Үлбі өзендерінің құрамы жылдың әр мезгіліне қарай өзгеріп отырады. Өзгеріп тұруының себебі бұл өзендер өндіріс көп шоғырланған аудандар мен қалалардың іргесінен ағады. 40-50 жыл бойы тау болып үйіліп қалған қалдықтар көктемде қарғын сумен өзен-көлдерге құйылады, - дейді инженер химик Құралай Нұрлыбекова.

Облыстық экология департаменті басшысының орынбасары Рауан Тұраровтың айтуынша, бұрыннан лас өзен суы сүзгі арқылы тазартылады. Бірақ ол үшін бірнеше миллиард теңге керек.

2020 жылдан бастап алғанда тек қана суды ластаған фактілер бойынша ірі мекемелерге барлығы 2 миллиардтай теңге көлемінде айыппұл салынды, - дейді Рауан Тұраров.

Следующая →