Өскемен
малооблачно
+15°
  • Өскемен
    +15°
  • Алматы
    +21°
  • Астана
    +15°
  • Ақтөбе
    +20°
  • Актау
    +16°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +15°
  • Көкшетау
    +15°
  • Қостанай
    +14°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +14°
  • Петропавловск
    +14°
  • Тараз
    +21°
  • Туркестан
    +16°
  • Шымкент
    +23°
$
439.43
473.31
¥
60.98
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Көктемгі әскерге шақыру науқаны басталды

ШҚО Қорғаныс істері жөніндегі департаментінде мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны басталды

Усть-Каменогорск и ВКО / Көктемгі әскерге шақыру науқаны басталды
Фото:
Өскемен гарнизонының баспасөз қызметінен

Азаматтарды әскерге шақыру талабына сәйкес, жергілікті әскери басқару органдарына іріктеу жұмыстарын жүргізу жүктелген, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Өскемен гарнизонының баспасөз қызметі ақпаратына сілтеме жасап.

Облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаментте өңірдегі аудан-қалалардан жолданған жастарды психологиялық, кәсіби және медициналық тексерістен өткізуде. Әскерге шақырылушылардың денсаулық жағдайын анықтауда қажетті жабдықтармен тиісті сала мамандары толық қамтамасыз етілген.

Әскер қатарына қабылданған соң олар үш ай бойы оқу орталықтарында әскери дағдыларды үйренеді.

Мен әскерге шақырту хабарламасын алдым. Отан қорғау борышым деп білемін. Сондықтан әскерге міндетті түрде барамын, - дейді әскерге шақырылушы Айбар Нұрлыбеков.

Борышын өтеген азаматтар ары қарай келісімшартпен әскери қызметке қалуға мүмкіндіктері бар.

Әскери қызметті өтеуге өз еркіммен келіп тұрмын. Мен әскери қызметімді Зайсанда өтейтін болдым. Алысқа жіберілмек, өзіміздің Шығыс Қазақстанда қалатыныма қуаныштымын. Барлық жастарды әскерге барып, ел алдындағы борышын өтеуге шақырамын, - деді әскерге шақырылушы Оразбек Тоқыш.

Үш күн ішінде медициналық комиссияның бақылауынан өтетін болашақ сарбаздар тиісті әскери бөлімдерге бөлінген. Шығыс Қазақстан бойынша барлығы 600-дей сарбаздың жүзге жуығы шекара қызметінде, 180-нен астамы қарулы күштер қатарында, ал 230-дың үстінде – Ұлттық ұлан сапында, 30 азамат ТЖМ-да борышын өтейді.

Следующая →