Риддер маңындағы қар неге қарайып кетті?
Өскемен - Риддер тас жолының бойында, Зимовье ауылының тұсында қардың түсі қарайып кеткен
Бұл туралы видеоны эколог Роман Миженин әлеуметтік желіге жариялап, дабыл қақты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Эколог, қоғам белсендісі Роман Мижениннің айтуынша, бұл көктайғаққа қарсы себілетін арнайы материалдың "кесірінен" болған. Қоғам белсендісі мәселені экология департаменті зерттеп, қоршаған ортаға зияны бар болған жағдайда шара қолдану керек деп есептейді.
Көктайғаққа қарсы шашылған шлак пен тұз жолдың жиегін қарайтып жіберді. Бұл біздің экологиямызға зян емес пе? 15 метр жерге дейін жайылып кетті. Облыстық экология департаментінен тиісті шара қолдануды талап етемін, - дейді Роман Миженин.
Бұдан бұрын Өскеменнің көшелеріне көктайғаққа қарсы шашылған қоспалар аяқ киім мен көлікке зиян тигізуі мүмкін екені айтылған болатын.
Сонымен бірге экология департаменті техникалық тұзды шамадан тыс пайдалану топырақтың тұздануына және өсімдіктердің өлуіне әкеп соғатынын жасырмаған.