Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ҚР-да рұқсатсыз жүрген шетелдіктерге жұмыс бергендер де жауапқа тартылады

Осы айда ШҚО-да заңсыз жүрген екі шетел азаматы шекарадан шығарылып, елге кіруге 5 жылға шектеу қойылды

Усть-Каменогорск и ВКО / ҚР-да рұқсатсыз  жүрген шетелдіктерге жұмыс бергендер де жауапқа тартылады
Фото:
Polisia.kz сайтынан

ШҚО аумағында тұратын шетелдіктерге тиісті көші-қон бақылауын қамтамасыз ету мақсатында “Мигрант” жедел алдын алу шарасы жүріп жатыр, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

20 ақпанда Зайсан ауданының қызметкерлері уәкілетті органның рұқсатынсыз Қазақстанда еңбек етіп жүрген Өзбекстан Республикасының тумасын анықтады, - делінген хабарламада. - Оның Қазақстанда уақытша болу рұқсаты болмаған. Әкімшілік кодекстің екі бабын бұзғаны үшін соттың шешімімен Өзбекстан азаматы Қазақстан Республикасынан шығарылды. Сондай-ақ, ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес бұл шетел азаматына енді 5 жыл мерзімге Қазақстанға кіруге рұқсат жоқ.

Одан өзге, шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны және шетелдіктердің келгені туралы хабарламағаны үшін жұмыс беруші де жауапқа тартылды. Енді ол 30 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.

Тағы бір шетелдік тұрғын 2028 жылға дейін Қазақстанға кірмейтін болды.

Заң бұзушыны Шемонаиха ауданының қызметкерлері анықтаған. Ресейлік бұрын бірнеше рет қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішкені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. Сот шешімімен шетелдік Қазақстан аумағынан шығарылды, қолданыстағы заңнамаға сәйкес оған 5 жыл бойы Қазақстанға кіруге болмайды, - делінген хабарламада.

Көші-қон қызметі уәкілетті органның рұқсатынсыз Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдік азаматтардың еңбек қызметіне тыйым салынатынын ескертеді.




Следующая →