Өскемен
ясно
+22°
  • Өскемен
    +22°
  • Алматы
    +22°
  • Астана
    +18°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +16°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +16°
  • Көкшетау
    +13°
  • Қостанай
    +9°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +19°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +16°
$
443.44
480.51
¥
61.36
4.88
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Биыл Өскемендегі дәрігерлерге баспана беріледі

Дәрігерлерге "Бір қабатты Шығыс" бағдарламасы бойынша Өскеменде 20 жеке тұрғын үй берілмек

Усть-Каменогорск и ВКО / Биыл Өскемендегі дәрігерлерге  баспана беріледі
Фото:
редакция мұрағатынан

Шығыс Қазақстан облысының орталығы Өскемен қаласында әлемдік стандарттарға сәйкес келетін бірегей гематология орталығы салынуда. Бұл өз кезегінде диагностикадан оңалтуға дейінгі медициналық қызметтердің толық спектрін жүргізуге мүмкіндік бермек.

Өңірде медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында Денсаулық сақтау жүйесінің инфрақұрылымын дамыту, медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жайлы ШҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айнаш Қапанова мәлімдеді.

Бүгінде Риддер қаласында 140 төсектік стационары және күніне 500 адам қабылдайтын, заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген емхананың құрылысы басталды. Ал Күршім ауданы Қалжыр ауылының дәрігерлік амбулаториясының құрылысы аяқталды. Сонымен қатар, облыста ми тамырларының патологиясын анықтауға және осы ақауларды жоюға мүмкіндік беретін, яғни инсультті емдеу және алдын алуға арналған Ангиографияны қолдана отырып операциялар жүргізілетін инновациялық медицина бөлімі ашылды. Бұл үшін өңірдің дәрігерлері Израильде нейрохирург, невропатолог, реаниматолог және рентгенологтан тұратын көпсалалы топ білімін жетілдірді.

2022 жылы облыстың 36 медицина қызметкері онкогематология, гематология, анестезиологиялық-реаниматология, кардиология, акушерлік және гинекология бойынша Израиль, Ресей және Германияның жетекші шетелдік клиникаларында оқып келді. Ауыл тұрғындарына уақтылы скринингтік зерттеулер жүргізу мақсатында 7 жылжымалы медициналық кешен ұйымдастырылды. 2022 жылы 195 ауылда 45,7 мың адам тексерілді. Өткен жылы өңірде медицина саласын дамыту, жетілдіру бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды. 305 бірлік медициналық жабдық сатып алынды. Оның ішінде 8 рентген аппараты, 2 флюорограф, 3 маммограф, оториноларингологиялық операцияларға арналған мобильді микроскоп, аудандық ауруханалар мен емханалардың перзентхана бөлімшелеріне арналған жабдықтар алынды, - деді Айнаш Құматайқызы.

Өңірде ақ халатты абзал жандардың жетіспеушілігін азайту үшін жыл сайын медициналық ұйымдардың басшылары мен қалалар мен аудандар әкімдерінің орынбасарлары республиканың медициналық жоғары оқу орындарының бос жұмыс орындарының жәрмеңкесіне қатысып, сондай-ақ ауылдық жерлерге келген жас мамандарға көтерме қаражат, қызметтік тұрғын үй және тұрғын үй сатып алу үшін жеңілдікпен кредит берілу көзделінген. Мәселен, ағымдағы жылы Өскемен қаласында "Бір қабатты шығыс" бағдарламасы бойынша 20 жеке тұрғын үй бөлу жоспарлануда. Сондай-ақ, биыл Ұлан ауданы Қасым Қайсенов кентінде, Зайсан ауданы Зайсан қаласында емханалар, Өскемен қаласы Ахмер ауылында дәрігерлік амбулатория салу жоспарланып отыр.

Айнаш Құматайқызы «ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы шеңберінде ауылдық жерлерде медициналық пункт ашуы жөнінде жоспармен бөлісті.

2023-2024 жылдарында 36 жаңа медициналық нысан ашуын жоспарланған. Атап айтсақ 7 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік акушерлік және 27 медициналық пункт ашылмақ, - деді ШҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары.

Аймақта алдағы уақытта денсаулық сақтау ұйымдарында жыл сайын кемінде 50 медицина қызметкерін жұмысқа орналастыру, 2023 жылы шетелде Израиль, Латвия және Ресей клиникаларында 23 маманды оқыту жоспарланып отырған көрінеді.

Следующая →