Өскемен
пасмурно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО пациенттері медициналық сақтандыру қорына қандай шағымдармен жиі жүгінеді?

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ШҚО бойынша филиалы өткен жылы Қорға жүгінген азаматтардың өтініш-шағымдары бойынша қорытынды жасады

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО пациенттері медициналық сақтандыру қорына қандай шағымдармен жиі жүгінеді?
Фото:
редакция мұрағатынан

2022 жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсанға дейін 931 өтінім келіп түскен. Оның ішінде 899 жүгінуші шағым қалдырды.

Талдау көрсеткендей, өтініштердің басым көпшілігі 1406-ға қоңырау шалынған. «Qoldau 24/7» мобильді қосымшасына да көптеген өтінім келіп түсті. Қордың fms.kz ресми сайты, Telegram-дағы @Saqtandyrýbot, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің сайты мен блогы сынды кері байланыс арналары да халық арасында танымал.


Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры өзін пациенттердің омбудсмені ретінде ұстанатыны көпшілікке мәлім. Сол себепті адамдар медициналық көмек алу кезінде құқықтары бұзылған жағдайда Қорға жазып, хабарласады. Азаматтар көбінесе медициналық көмектің сапасыз көрсетілгенін айтып шағымданады. Екінші орында – медициналық көмек көрсетуден бас тарту тұр. Сондай-ақ медициналық көмекті ұзақ күту, дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуден бас тарту, этика мен деонтологияны бұзу бойынша шағымдар түсті, — деп бөлісті ШҚО ӘМСҚ филиалы директоры Нұрлан Қыдырбаев.


Пациенттер өз емханаларында бейінді мамандар болмаған кезде, басқа медициналық ұйымдарға жолдама ала алмағандарын немесе ақылы негіздегі тексерулер мен консультацияларға жіберілгендерін, сонымен қатар, уақтылы ем ала алмай немесе сапасыз емделгендерін, бейінді дәрігерлердің консультацияларын ұзақ күткендерін, медицина қызметкерлерінің дөрекі әрекеті, ТМККК кіретін медициналық көмекті алуға сақтандыру мәртебесін заңсыз талап еткендерін және өз құқықтары бұзылғанын айтып шағымданады, - деп атап өтті Қор филиалы директоры.


Естеріңізге сала кетейік, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының сарапшылары әрбір шағым бойынша жоспардан тыс мониторинг жүргізеді және оның қорытындысы бойынша бұзушылықтар расталған жағдайда айыппұл санкциялары қарастырылады.


Медициналық қызметтерді көрсетуден бас тартқан жағдайда, медқызметтердің сапасына көңілі толмаған пациенттер медициналық ұйымнан ресми жауап алу және тиісті шаралар қабылдау үшін жоғарыда аталған байланыс арналары бойынша міндетті түрде ресми өтінім қалдыру қажет.


Әлеуметтік желілерде жазылған шағымдар процессуалдық шешім қабылдау үшін ресми өтінім болып табылмайды.


Егер тағы сұрақтар туындап жатса, сіз өз емханаңыздағы «Пациенттерді қолдау қызметіне» жүгіне аласыз. Ал ол жерде мардымды жауап ала алмасаңыз, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының келесі байланыс арналары арқылы өтініш жібере аласыз: fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyryBot.

Следующая →