Өскемендегі мектептердің біріне жарылғыш зат қойылғаны рас па?
Бүгін полиция қызметіне қала мектептерінің біріне жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар түскен
Әзірге нақты ақпарат жоқ, тексеріс жүріп жатыр, деп хабарлайды Устинка LIVE ШҚО ПД ақпаратына сүйеніп.
Әлеуметтік желіде тараған ақпаратта оқиға №11 мектепте орын алғаны айтылуда.Ағымдағы жылдың 6 ақпанында сағат 14.18-де Өскемен қаласы мектептерінің бірінде жарылғыш құрылғы қойылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Сигналды алғаннан кейін мамандандырылған қызметтер дереу оқиға орнына келді. Қызметкерлер мен оқушыларды эвакуациялау жүргізілді. Тексеру жүргізілуде, - делінген ШҚО ПД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.