Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да бір айда қос азаматтығы бар 6 адам анықталды

Шығыс Қазақстан облысында өткен жылы қос азаматтықпен жүрген 60-қа жуық адам анықталған

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да бір айда қос азаматтығы бар 6 адам анықталды
Фото:
редакция мұрағатынан

ШҚО ПД көші-қон қызметі облыс аумағында қос азаматтығы бар адамдарды анықтау бойынша күнделікті жұмысты жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Басқа елдің азаматтығына кірмес бұрын ҚР азаматы қазақстандық азаматтықтан бас тартуы қажет. Ол үшін 30 күн мерзім ішінде ішкі істер органдарын өзге мемлекеттің азаматтығын алу жоспарланғаны туралы хабарлап, сондай-ақ ҚР паспорты мен жеке куәлігін тапсыруы қажет.

Өкінішке орай, Шығыс Қазақстанның кейбір тұрғындары бұл рәсімді елемейді, сондықтан қос азаматтық фактілерінің өсуі байқалады, - делінген ақпаратта. - Мысалы, 2022 жылы ШҚО ПД көші-қон қызметінің қызметкерлері 60-қа жуық қос азаматтықпен жүргендерді анықтаған. Ал 2023 жылдың қаңтарында құқық қорғау органдары қос азаматтығы бар 6 құқық бұзушыны анықтады.

Қос азаматтық болуының бірнеше себептері бар: бұл – карантиндік шектеулер кезеңінде мемлекеттік шекарадан кедергісіз өту, төтенше жағдайлар туындаған жағдайда шұғыл эмиграция мүмкіндігі, материалдық артықшылықтар алу. Атап айтқанда, зейнетақы есебі, балалар туылған кездегі жәрдемақы, жоғары оқу орындарына түсу кезінде жеңілдік жағдайлар.

Мысалы, осы жылдың қаңтар айында Шемонаиха ПБ қызметкерлері екі зейнеткерді анықтаған. олар 2022 жылы Ресей Федерациясының азаматтығын алып, ол туралы ішкі істер органдарына немесе Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне хабарлама жасамаған. Осы уақыт ішінде Қазақстан Республикасы азаматының паспорты мен жеке куәлігін тапсырмай ҚР азаматтығы туралы заңнаманы бұзған. ҚР ӘҚбтК-ның 496-бабы бойынша ресейліктер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығарылды.


Следующая →