Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде егде жастағы әйелдің жамбас буыны толықтай ауыстырылды

№4 қалалық аурухананың травматология бөлімшесіне былтыр 371 науқас емделіп шыққан

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде егде жастағы әйелдің жамбас буыны толықтай ауыстырылды
Фото:
ӘМСҚ ШҚОФ баспасөз қызметінен

Солардың бірі - Алл Тимошенконың желтоқсанында эндопротездеу операциясы кезінде жамбас буыны толығымен ауыстырылған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ӘМСҚ ШҚОФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Операцияны аймақтағы әйгілі хирург Сергей Карасев, анастезиолог-реаниматолог Шейхслам Гереев жүргізді, Николай Балтутин, Илья Глазунов көмектесті.

Сергей Карасев 55 жылдан астам уақыт ортопед-травматолог болып жұмыс істейді. Ол өңірде жұмыс істейтін біздің барлық жас ортопед-травматологтардың бас тәлімгері. Сергей Павлович ұзақ уақыт бойы облыстың бас штаттан тыс травматологы болып жұмыс істейді және өзінің хирургиялық дағдыларын шетелдің жетекші медициналық орталықтарында шыңдап жүр, үнемі шеберлік сыныптарына қатысады және біздің өңірде шеберлік сыныптарын өткізу үшін шетелдік білікті әріптестерін шақырады. Облыста травматологиялық және ортопедиялық көмек саласын дамыту үшін көп күш-жігерін жұмсап келеді. Жылына мыңнан астам ота жасайды, - дейді №4 Өскемен қалалық ауруханасының бас дәрігері Сергей Попов.

Науқас Алла Тимошенконың айтуынша, оның диагнозы жеңіл болған жоқ, бірақ соған қарамастан оған кәсіби көмек көрсетілді.

Мен барлық дәрігерлерге олардың кәсібилігі мен қамқорлығы үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді. Менің ойымша, олар күрделі операция жасады, - деп жазады Алла Сергеевна.

Сондай-ақ, ол медициналық қызметкерлердің – медбикелер мен санитарлардың, асхана қызметкерлерінің қамқорлығын атап өтті, оңалту бөлімшесінің барлық қызметкерлеріне жылы лебізін білдірді.

№4 қалалық аурухананың травматология бөлімшесінің жұмыс статистикасына сәйкес, бөлімшеде 2022 жылы 371 адам емделіп шыққанын айта кеткен жөн. Бір жыл ішінде барлығы 333 операция және 207 протездеу жүргізілді, оның 90-ы тізе буынын толық ауыстыру отасы болса, 117 жағдайда жамбас буыны толық ауыстырылды. Травматология бөлімшесінің 89 пациенті қалпына келтіру емін қабылдап, медициналық оңалтудан өтті.

Естеріңізге сала кетейік, эндопротездеу операциялары міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырылған азаматтарға МӘМС қаражаты есебінен толығымен тегін жасалады.

Следующая →
Тақырыптар: ШҚО Медицина ӘМСҚ