Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Есірткі "тығып кетумен" нәпақа тауып жүрген өскемендік жеткіншек ұсталды

Өскемен қаласында есірткі қылмысына қатысы бар тағы бір жасөспірім қолға түсті

Усть-Каменогорск и ВКО / Есірткі "тығып кетумен" нәпақа тауып жүрген өскемендік жеткіншек ұсталды
Фото:
Polisia.kz сайтынан

Ол бұл "жұмысқа" екі ай бұрын орналасқан екен, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО ПД ақпаратына сүйеніп.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ҚР ІІМ ҰҰ 5518 ә/б арнайы жасағымен бірлесіп, Өскемен көшесінен күдікті 17 жастағы студентті ұстаған.

Тәртіп сақшылары дереу тінту жүргізу кезінде жас жігіттің сырт киімі мен шалбарының қалтасынан спецификалық исі бар, ақ түсті ұнтақ оралған 20 ораманы тауып, тәркілеген. Сараптама қорытындысы бойынша ол жалпы салмағы 21,65 грамм болатын Альфа-ПВП психотроптық заты болып шықты. Бұл 70 реттік дозаны құрайды, - делінген ШҚО ПД хабарламасында.

Жеткіншек бұл жұмысқа екі ай бұрын әлеуметтік желі арқылы біліп, орналасқан. Өзінің айтуынша, жалақыны биткоин-әмиян арқылы алған.

Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған бала ата-анасының кепілгерлігіне берілді. Оған қатысты ҚР ҚК-ның 297-бабы 1-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр, - делінген хабарламада.




Следующая →