Биыл Өскеменге 77 жаңа автобус сатып алынбақ
Жылжымалы құрамды жаңарту бағдарламасы аясында өскемендік тасымалдаушылар 2021 жылы 18 бірлік жаңа көлік, 2022 жылы 53 бірлік сатып алды
Бұдан басқа, тасымалдаушылар ағымдағы 2023 жылы 77 бірлік жаңа автобус сатып алуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Өскемен қалалық ЖТБО ақпаратына сілтеме жасап.
Сондай-ақ, "Өскемен қаласының көлік компаниясымен" ЖШС 2022 жылы қала тұрғындарына қызмет көрсететіп жатқан 4 жаңа трамвай сатып алынды.
Осы орайда айта кетейік, өткен жылы барлығы 3200 зейнеткерге жеңілдік картасы берілген екен.
ЖТБО зейнеткерлерге осындай жеңілдік картасын алу жолын еске салды.
Ол үшін келесі құжаттар тізімі болуы керек:
- жеке куәлік
- зейнетақы куәлігі
- 1 фотосурет (4х5)
Зейнеткер жеңілдік картасын Жібек Жолы, 3 мекенжайынан алады. Бұл карталар бірінші рет тегін беріледі. Ал егер картаны сындырып немесе жоғалтып алсаңыз, қалпына келтіру құны 500 теңге, - делінген мекеме хабарламасында.