Өскемен
малооблачно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +7°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +23°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +6°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +10°
  • Шымкент
    +19°
$
443.37
+1.32
474.49
+0.35
¥
61.24
+0.17
4.83
+0.09
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-дағы кей аудандарды қайта бөліп, орталықтары Қытай шекарасына көшірілмек

Қазіргі уақытта Ұлттық экономика министрлігі мен ШҚО әкімдігі осы бағыттағы жұмыстарды жүргізіп жатқан көрінеді

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-дағы кей аудандарды қайта бөліп, орталықтары Қытай шекарасына көшірілмек

Ол туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Inbusiness.kz тілшісіне жауап беру барысында айтқан, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Inbusiness.kz тілшісі бүгін министрден "шекарадағы ауылдарды қалпына келтіру үшін жеке бағдарлама қажет деп есептемейсіз бе?" деп сұраған.

Өздеріңіз білетіндей, ауылдан халық көшіп кеткеннен кейін кейбір аудан орталықтары бері қарай көшті. Жоспар бойынша, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігімен бірлесіп, жұмыс жүргізіп жатырмыз. Кейбір аудандарды қайта бөліп, аудан орталықтарын шығысқа қарай, шекара жаққа көшіреміз, - деді Әлібек Қуантыров.

Ол сонымен қатар Ресеймен шекаралас ауылдардың проблемасы туралы пікір білдірді. Ол жақтағы ауылдардан да адамдар жаппай көшіп жатқаны белгілі.

Біз ол ауылдардың болашағы жоқ деп ешқашан айтқан емеспіз. Тірек ауылдар мен оған серік ауылдар іріктелген болатын. Даму әлеуеті әлдеқайда жоғары ауылдар бар, онда халықтың 90%-дан астамы тұрады. Халқының саны аз, даму әлеуеті төмен ауылдарға да көңіл бөлініп отыр. Бірақ "Ауыл – ел бесігі" бағдарламасының аясында емес, басқа бағдарламалардың аясында. Қаражат бірінші кезекте жергілікті бюджеттерден бөлінеді. Өйткені бұл жергілікті атқарушы органдардың да жауапкершілігі. Шекарадағы ауылдарға үкімет тарапынан да, жергілікті әкімдіктер тарапынан айрықша көңіл бөлінеді, - деді министр.

Министр шекара заставаларына жақын орналасқан ауылдар мемлекет қолдауынсыз қалмайтынын айтады.

Ресеймен шекарада жатқан ауылдарға қатысты айтсақ, адам тым аз тұратын ауылдар бар. Бәлкім бұл табиғи процесс шығар – адамдар ауылдан көшіп жатыр. Бірақ іргесінде шекара бекеттері тұрған ауылдар бар. Олар үнемі қолдау көретін болады. Өйткені шекара бекеттерін қайтакенде де қолдау қажет. Бұрын да айтқанмын, шекара бекеттері тұрған жердің маңайында инфрақұрылым жетілдіріледі, - деді Әлібек Қуантыров.

Следующая →