ҚР-да радиотехникалық офицер-инженерлерді даярлайтын жалғыз оқу орны бар
Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының өкілдері Шығыс Қазақстан облысындағы сарбаздар мен оқушыларды шақырады
РЭжБӘИИ өкілдері Өскемен гарнизонының 27943 әскери бөліміндегі сарбаздармен, Өскемен қаласы, Глубокое, Алтай аудандарының 10-11-ші сынып оқушыларымен кездесті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Өскемен гарнизонының баспасөз қызметінің ақпаратына сүйеніп.
Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты Орта Азияның посткеңестік республикаларында радиотехникалық мамандықтар бойынша офицер-инженерлер даярлайтын тұңғыш және жалғыз әскери жоғары оқу орны.
Институттың заманауи оқу-материалдық базасы бар. Курсанттардың теориялық білімдерін бекіту мақсатында институттың оқу орталығында әскери техника мен әскери қаруландыру практикалық сабақтары өткізіледі. Курсанттар нақты жауынгерлік техникада жұмыс істеп, зениттік және зымырандық техникаларға, радиолокациялық станцияларға және әскери байланыс техникасы құралдарында қызмет көрсетеді. Оқу орталығында курсанттарға арналған оқу корпусы, казарма және асхана, әскери техниканы сақтауға арналған ангарлар мен далалық сабақтарды қамтамасыз етуге арналған оқу алаңдары бар.
Кездесу барысында институт өкілдері РЭжБӘИИ-де оқудың ерекшелігін айтып, оқу-материалдық базасымен, курсанттардың тыныс-тіршілігі жайлы айтып берді.
Институт қолбасшылығы болашақ офицерлердің бойында патриотизм, Отанға деген сүйіспеншілік, жоғары азаматтық ұстаным сияқты қасиеттерді қалыптастыру жолында үлкен жетістіктерге жетті. Институтта курсанттарға толыққанды үйлесімді және мәдени дамуға барлық жағдай жасалған, - деді полковник Муслим Туранов.