ШҚО нейрохирургтері мидағы ісікке тіліксіз ота жасайды
Бас миындағы ісікті трансназальды жолмен алу технологиясын облыс нейрохирургтері өткен жылы меңгерген болатын
ШҚО пациенттері ешқайда бармай-ақ, жергілікті жерде, облыс орталығында емделуде, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының ақпаратына сүйеніп.
Бұл жолы да өз тәжірибесімен бөлісуге "Нұр-Сұлтан қаласының Ұлттық нейрохирургия орталығының" трансназальды эндоскопиялық нейрохирургия бөлімінің нейрохирургі, медицина ғылымдарының кандидаты Данияр Телтаев келді. Оның жетекшілігімен аймақтың екі тұрғынына ота жасады.
Гипофиз ісігін алып тастау минималды инвазивті жолмен, яғни науқастың мұрыны арқылы жүзеге асырылды.
Біз орталықта мұндай операцияларды 2022 жылдан бері жасай бастадық. Бірақ ісіктерді эндоскопиялық алып тастаудың әртүрлі нюанстары, орындау технологиясының ерекшеліктері бар, оларды бізге елордалық әріптестер ашты, сондықтан біз осындай шеберлік сабақтарында тәжірибелі мамандардан үйренеріміз көп, біліктілігімізді арттырамыз, - деп бөлісті ШҚО Мамандандырылған медициналық орталықтың Инновациялық медицина бөлімшесі меңгерушісі Жандос Уап.
Қазіргі уақытта бұл эндоскопиядағы ісіктерді жоюдың ең озық технологиясы екенін атап өтті елордалық нейрохирург Данияр Телтаев.
Глубокое ауылының тұрғыны Арман Мескенов айтуынша, қаңтар айының басында басы қатты ауырып, өзін әлсіз сезініп, мұрыннан жиі қан кету басталған.
Мен тұрғылықты жерім бойынша емханаға бардым. Диагностикалық зерттеулерден өттім. Гипофез ісігі бары анықталды. Мен жұмыс істеймін, МӘМС жүйесінде сақтандырылғанмын. Мен небары 45 жастамын, бүгінге дейін міндетті медициналық сақтандыру бойынша ай сайынғы аударымдардың қандай пайдасы бар екенін білмедім, бірақ бұл жағдай маған дәлел болды. Барлық тексерулерім, ота тегін болды, - дейді Арман Мескенов.
Ота 2 сағатқа созылды. Науқас қазір өзін жақсы сезінеді.
Айта кету керек, мұндай қызметтің құны шамамен 1 миллион теңгеден асады. Ал МӘМС аясында пациент еш шығындалмай, барлық қызметті тегін алды. Еске салайық, бұл көмек, жоғары технологиялық медициналық көмек, сондай-ақ оның кейбір түрлері міндетті медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек тізіміне енгізілген.
Сондай-ақ, Данияр Телтаев гипофиз ісігінің белгілері әр түрлі болатынын атап өтті.
Диагноз МРТ көмегімен анықталады. Егжей-тегжейлі зерттеуден кейін пациентті емдеуге консервативті немесе хирургиялық тәсілді таңдау керектігін нақтылау үшін нейрохирургургтерге жіберіледі.