Шемонаиха мен РФ арасындағы жол ашылды
Кеше ауа райының қолайсыздығына байланысты ШҚО мен РФ шекарасындағы жол учаскесінде көлік қозғалысына тыйым салынған болатын
Бүгін бұл бағыттағы жолда көлік қозғалысына рұқсат берілді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО ТЖД мәлімдемесіне сүйеніп.
Кеше ауа райының нашарлауына, нақты айтқанда боран мен жолдың дұрыс көрінбеуіне байланысты Ресеймен шекарадағы жол жабылған болатын.
Бүгін таңғы сағат 07.00-ден бастап республикалық маңызы бар "Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы" тасжолының 105-123 шақырымында (Шемонаиха қаласы мен Ресей Федерациясы шекарасының аралығы) көліктің барлық түрлерінің қозғалысына рұқсат берілді, - делінген ақпаратта.
Осы ретте, құтқарушылар өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін "Дәрмен" мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.