ШҚО онкологтары әйелдерге тегін қабылдау жүргізеді
Жатыр мойны обырын ерте анықтау үшін облыста ашық есік күні өткізілмек
![Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО онкологтары әйелдерге тегін қабылдау жүргізеді Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО онкологтары әйелдерге тегін қабылдау жүргізеді](/upload/iblock/cb2/7sr99l2zho2yll09ebvt0fejc1kg0qps/IMG_6282.jpg)
Ашық есік 28 қаңтар күні ШҚО Көпбейінді онкология және хирургия орталығында өтеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі медициналық мекеменің баспасөз қызметінің ақпаратына сүйеніп.
Дәрігерлер сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін қабылдайды.
Кез келген тұрғын орталықтың жетекші мамандарына қаралып, кеңес ала алады. Көрсеткіштерге байанысты УДЗ, МРТ және цитологиялық зерттеу(ПАП-тест) алу мүмкіндігі бар, - делінген хабарламада.
Мекенжайы: Өскемен қаласы, Потанин көшесі, 6, 1-корпус (консультативтік-диагностикалық ғимарат). Толық ақпаратты +7(7232) 48-91-51, 8 778 003-78-45 нөмірлері арқылы біле аласыздар.