Өскемен
пасмурно
+10°
  • Өскемен
    +10°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +4°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +6°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +25°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +7°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +12°
  • Шымкент
    +18°
$
442.05
+0.61
474.14
+1.05
¥
61.07
+0.11
4.74
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Кадеттер ШҚО-дағы әскери бөлімшеде тағылымдамадан өтіп жатыр

Кадеттер өздеріне бекітілген бөлімшесінің командирі рөлінде 1 айға жуық тағылымдамадан өтеді

Усть-Каменогорск и ВКО / Кадеттер ШҚО-дағы әскери бөлімшеде тағылымдамадан өтіп жатыр
Фото:
Өскемен гарнизонының баспасөз қызметінен

Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжінің кадеттері "Шығыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты 27943 әскери бөлімінде бөлімше командирі рөлінде тағылымдамадан өтіп жатыр, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Өскемен гарнизонының баспасөз қызметі ақпаратына сүйеніп.

Білікті маман бәсекеге қабілетті сарбазды тәрбиелейді. Ал ол үшін командирлердің сапалы тұрғыда тәлім-тәрбие алуы аса маңызды. Кадеттер өздеріне бекітілген бөлімшесінің командирі рөлінде 1 айға жуық уақыт тағылымдамадан өтеді. Тағылымдама барысында кадеттер бөлімше командирінің лауазымды міндеттерін өздігінен орындау, жеке құрамды басқару мен жауынгерлік даярлық жөнінде сабақ өткізу машықтарын тәжірибе барысында меңгереді. Кадет өзінің көшбасшылық қасиеті мен сеніп тапсырылған бөлімшемен жұмыс істеу әдістемесін пысықтай отырып, командалық-әдістемелік дағдысын шыңдайды. Ал олардың іс-қимылын рота сержанттары мен взвод командирлері қадағалайды. Аға әріптестері мен тәлімгерлері ретінде олардың мықты және осал тұстарын айқындай отырып, консультативті және әдістемелік көмек көрсетеді.

Мұндай тағлымдаманың берері мол. Себебі практика барысында кадеттер, бірінші кезекте, басқару тұрғысында сенімділіктерін дамытуға мүмкіндік алады. Ал бұл болашақ кіші командирлердің әскери бөлімдердегі әрі қарайғы қызметтеріне қолайлы ықпал етеді, - дейді Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжінің кадеті Расул Бердалиев.

Следующая →