Өскемен
Бұлтты
-1°
  • Өскемен
    -1°
  • Семей
    -7°
  • Алматы
    +2°
  • Риддер
    -4°
  • Астана
    -1°
  • Ақтөбе
    -5°
  • Ақтау
    +3°
  • Атырау
    +2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -11°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +3°
  • Түркістан
    +4°
  • Орал
  • Шымкент
    -1°
$
499.83
+1.74
581.5
+4.16
¥
72.47
+0.28
6.42
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да жыл басынан бері үш рет автокөлік өрті тіркелді

Автокөлікте көбінесе электр сымдарының қысқа тұйықталуынан өрт пайда болады

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да жыл басынан бері үш рет автокөлік өрті тіркелді
Фото:
ШҚО ТЖД мұрағатынан

ШҚО-да өткен жылы 100 рет көлік өрті тіркелген, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО ТЖД-ға сілтеме жасап.

Өрттердің шамамен 90%-ы электр сымдарының қысқа тұйықталуынан пайда болады. Сол үшін күнделікті автомобильдің барлық бөліктерін, әсіресе қозғалтқыш бөлігін тексеріп, қарап тұру керек, - деп түсіндірді ШҚО ТЖД мамандары.

Автокөліктің өртенуіне адам факторының да әсері аз емес. Мәселен, аязды күні автокөлікті жылыту үшін үрлегішті пайдалану және жөндеу жұмыстарында дәнекерлеу құралын қолдану кезінде де жиі өрт шығады.

Сондай-ақ, мамандардың айтуынша автокөліктің доңғалақ дискілеріне немесе автомобиль корпусына арнайы жарықтандыратын сәнді қосымша электр жабдықтарын орнату, әртүрлі антирадарлар және т.б. да көлікте өрт тудыруы мүмкін.

Сол үшін ШҚО ТЖД келесі сақтық шараларын ұсынады:

1. Көліктің сымдары мен жанармай жүйелерін мүмкіндігінше жиі тексеріңіз.

2. Автокөлікті өз бетінше жөндеу және пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасының қарапайым ережелерін сақтау.

3. Суық мезгілде қозғалтқышты жылыту үшін ашық от көздерін пайдаланбаңыз және машинада электр жабдықтарын өзіңіз жөндемеңіз.

4. Әрқашан көлікте өрт сөндіргіш болуы керек және оны қалай пайдалану керектігі туралы нұсқаулықпен танысыңыз.

5. Егер қозғалыс кезінде түтін исін сезсеңіз, дереу тоқтап,отты өшіру қажет

6. Өртті сөндіргішпен жоюға тырысыңыз.

7. Егер отпен күресу мүмкін болмаса, дереу "101" телефоны арқылы хабарлаңыз, оқиға орнының нақты мекенжайын көрсетіңіз және өрт сөндірушілердің келуін күтіңіз.


Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: ШҚО ТЖД Автокөлік өрті