ШҚО мен Абай облысындағы жолдар ашылды
Таңғы сағат 8.45-тен бастап қозғалысқа бұған дейін енгізілген шектеу алынды
ҚазАвтоЖолдың ақпаратына сүйенсек, "Омбы-Майқапшағай", "Өскемен-Семей" тасжолдарындағы учаскелер ашылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
"Омбы-Майқапшағай" тасжолының Павлодар облысының шекарасынан Семей қаласына дейінгі аралығы; "Өскемен-Семей" тасжолының Герасимовка (ШҚО) ауылынан Семей қаласына дейін (Абай облысы), - делінген хабарламада.