ШҚО-да 77 мың гектарға жуық жер мемлекетке қайтарылды
AMANAT партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы "Жер аманаты" комиссиясының отырысы өтті
Жиында Зайсан, Шемонаиха, Алтай, Күршіи аудандарының әкімдері әр аймақтағы пайдаланылмай жатқан жерді қайтару бойынша атқарылған жұмыстар жайлы баяндама жасады.
Жалпы 2022 жылдың басынан бүгінгі күнге дейін ауданның арнайы жер қорына қайтарылған 17 756,4 га жердің: 2108,6 га егіндік, 994,9 га шабындық, 14652,9 га жайылымдық жер учаскелері болып табылады, - дейді Зайсан ауданы әкімінің орынбасары Серік Тілемесов.
Алтай, Шемонаиха аудандары бойынша осы бағыттағы жұмыстар тұрақты жүргізіліп келе жатқандығын жеткізді. Ал Күршім ауданы бойынша Qoldau веб-порталында цифрлық мониторинг барысында, жалпы ауданы 45 365,78 мың гектар, 77 пайдаланылмайтын жер учаскелерінің тізімі анықталған.
Мемлекет басшысы өзінің 2022 жылғы 1 қыркүйектегі "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" атты Жолдауында пайдаланылмаған жерлерді алып қою жөніндегі комиссияның қызметін атап өткен еді. Оның жұмысы аясында мемлекетке 5 миллион гектардан астам ауылшаруашылық жерлері қайтарылды. Бүгінгі таңда облыс бойынша барлығы 76,8 мың гектар пайдаланылмаған жер мемлекеттік меншікке қайтарылды (Алтай ауданында – 2 мың га, Зайсан ауданында – 20,6 мың га, Күршім ауданында – 16,1 мың га, Шемонаиха ауданында – 2,6 мың га). Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда және ерекше бақылауда, - деп атап өтті ШҚО Жер қатынастары бақармасының басшысы Надежда Михейлис.