Шығысқазақстандықтар былтыр балаларына қандай ерекше есімдер берген?
Былтыр өңірде Тәңір-Жомарт, Нұрпатшайым, Ақ-тілек, Сүйкімді, Таңғажайып, Ару-Астана және Сұлубике сияқты ерекше есімді балалар дүниеге келген
Жылпы, былтыр облыста 9 мыңға жуық бала өмір есігін ашқан, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Ұлттық статистика бюросы департаментінің мәліметіне сүйеніп.
Оның ішінде 4 487 ұл және 4 244 қыз бала.
Ұлдарға жиі қойылған есімдер: Әлихан, Әмір және Омар. болды. Қыздар арасында Медина, Айша және Асыл есімді сәбилер көп.
Сондай-ақ, бірқатар ерекше есімдер кездеседі: Тәңір-Жомарт, Нұрпатшайым, Ақ-тілек, Сүйкімді, Таңғажайып, Ару-Астана және Сұлубике.