ШҚО-да интернет сапасы қашан жақсарады?
ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек Шығыс Қазақстан халықымен кездесуі кезінде интернет мәселесін шешуге уәде беріп кетті
Минисрдің айтыуынша, облыстың 363 елді мекенінің 129-ында интернет жоқ.
Елді мекендердің жартысынан көбі 3G байланысымен қамтылған. Тұрғындар "WhatsApp" мессенджерін ғана пайдалана алады. Қоңырау шалуға мүмкіндік бар, бірақ, интерентттің нашарлығы байқалады. Өңірдегі елді - мекендердің тек 16 пайызы ғана 4G байланысымен қамтылған, - дейді Асхат Оразбек.
Айта кетейік, біздің облыста, 234 елді мекенде сымды интернет жоқ. Бар болған жерлердің өзінде нашар қызмет көрсетеді.
Алайда министр жағдайды түзетуге уәде беруде.