Өскемен Жаңа жылды қалай қарсы алмақ?
Биыл да жылдағыдай өскемендіктер үшін республика алаңында мерекелік концерт ұйымдастырылады
![Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемен Жаңа жылды қалай қарсы алмақ? Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемен Жаңа жылды қалай қарсы алмақ?](/upload/resize_cache/iblock/c25/01sf8gdjd3bszjqp0g12ynca9lrfa8oy/1440_960_1/9I3V5016_Pano.jpg)
Ал мерекелік отшашу сағат 01.00-ге жоспарланған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Өскемен қалалық әкімдігінің ақпаратына сүйеніп.
Қала тұрғындары мен қонақтарын Жаңа жылға арналған мерекелік шараға шақырамыз, - деп хабарлады Өскемен қалалық әкімдігі. - 31 желтоқсан Республика алаңында 22.00-ден бастап 02.00-ге дейін Эльдар Уадинов, Темірлан Сейілжанұлы және Аяулым Қуанышева, «Ладушки» орыс әні ансамблі және қаланың өзге өнерпаздарының қатысуымен мерекелік бағдарлама өтеді.
01.00 - Мерекелік отшашу. Сондай-ақ, Аяз ата мен Ақшақардың шығуы мен талай қызық ойластырылған.