ШҚО-да әскери бөлімдер арасында шаңғы жарысы өтті
Кеше Өскемен қаласындағы Комсомол аралында Ұлттық ұланның "Шығыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдер арасында 5 шақырым қашықтыққа шаңғы жүгірісінен жарыс өтті
Офицерлер мен келісімшарт бойынша қызметшілер, жедел шақырымдағы сарбаздар арасындағы жүйріктер анықталды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жарысты салтанатты түрде ШҚО бойынша қысқы Президенттік көпсайыс федерациясының президенті Леонид Саковский ашты.
Шаңғы жүгірісінің негізгі мақсаты – әскери спорт бойынша кешенді нормативтерді және спорттық разрядтарды орындау. Біздіңше, ұландықтар қыстық спорт түрлерінен де мықты болуы тиіс. Сондықтан, осы маусымда шаңғы жүгірісін жиі өткізуді жоспарлап отырмыз, - дейді "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының спорт және дене дайындығы қызметінің бастығы подполковник Бауыржан Дарыбев.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне медальдар мен грамоталар табысталды.