Өскемен
малооблачно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +12°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +18°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +20°
$
444.14
+0.77
477.05
+2.56
¥
61.34
+0.10
4.85
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-дағы дүкендерге 2,5 млн теңге айыппұл салынған

Өңірдегі дүкендер мен сауда орындарында сатылатын өнімдерден қауіпті заттар анықталған

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-дағы дүкендерге 2,5 млн теңге айыппұл салынған

Сауда орындары сөрелеріндегі отандық және импорттық тауарлардан сынама алынған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

ШҚО санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері өңір аумағында сатылатын азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу мақсатында 1388 тауардан сынама алынған. Оның ішінде 523-і – отандық, 865-ы – импорттық өнім.

Талдау нәтижесі көрсеткендей, азық-түлік өнімдерінің 204 сынамасы талапқа сәйкес келмейтін болып шықты. Оның 86-сы отандық, 118-і импорттық өнім. Сәйкессіздіктің негізгі үлесі, нақты айтқанда 72%-ы таңбалау ережелерінің бұзылуына қатысты болып отыр. Яғни, тауар қаптамасында өндірушінің атауы мен орналасқан жері, мемлекеттік тілдегі мәліметтер, шығарылған күні, жарамдылық мерзімі мен сақтау шарттарының болмауы анықталған, - делінген ақпаратта.

Сынаманың 20% адам денсаулығына қауіпті болып шықты. Ал 8% физикалық-химиялық көрсеткіштер бойынша талапқа сай келмеген.

Аталған фактілер бойынша дүкен мен сауда орындарының иелеріне 185 ұйғарым шығарылып, жалпы сомасы 2 542 290 теңге айыппұл салынды. 76,5 келі өнім сатылымнан алынды, - делінген хабарламада.


Следующая →