Өскемендегі төл әскеріміздің ардагерлеріне төсбелгілер табысталды
Шығыс Қазақстан облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінде Тәуелсіздік күніне орай салтанатты жиын өтті
Биыл Қазақстанның Тәуелсіздігіне 31 жыл толып отыр. Осы жылдар аралығында Қазақстанның Қарулы күштері айбынды әскерге айналды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Өскемен гарнизонының баспасөз қызметі мәлімдегендей, ШҚО Қорғаныс істері жөніндегі департаменті осы айтуыл мерекеде қасиетті елді қорғау жолында аянбай атсалысып еңбек еткен, бүгінгі күні лайықты зейнеттегі ардагерлерді құттықтады.
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев "Қарулы күштеріміз – Тәуелсіздіктің мызғымас тұғыры, елдіктің берік қалқаны" деген еді. Ұзақ жылдар бойы егеменді елдің тыныштығы мен қауіпсіздігін қатамасыз етуде ардагерлеріміздің үлесі орасан, - деп атап өтті қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Қайырбек Қайырқанов.
Салтанатты жиын соңында еліміздегі Қарулы күштердің ардагерлеріне "Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл" медалі табысталды.