Қар қалың жауғаннан соң көшкін қаупі 5 күндей сақталады
Өскемен-Таулы Үлбі – Северное автожолында қалыңдығы 48-60 см дейін қар жиналған
Құтқарушылар мереке күндері таулы аймаққа демалысқа бару қауіпті екенін ескертеді, деп хабарлайды Устинка LIVE.
"Қазселденқорғау" ШҚО филиалы бақылаушылары жүргізген мониторинг нәтижесінде "Өскемен-Таулы Үлбі - Северное" автожолының ауданында қардың қалыңдығы 48-60 см жеткені анықталып. Жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін осы ведомствоның мамандары мен ШҚО ТЖД құтқарушылары осы учаскеде профилактикалық қар көшкінін жүргізді.
Алдағы мерекелерде адамдар елді мекендердің аумағынан тыс жерлерге, демалыс базаларына белсенді түрде баратын болады. Әзірге қар массасы борпылдақ, бұл қауіпсіз емес, - деп ескертті "Қазселденқорғау" ШҚО филиалының директоры Омар Дүзгімбаев.
Мамандар қалың қар жауғаннан кейін, аяздан кейін, қатты желден кейін 3-5 тәулік бойы қар көшкіні қаупі сақталатынын атап өтті.
Осы күндері қар көшкіні жүруі мүмкін аумақтарда қар көп жиналды. Біз жедел әрекет етеміз және қауіп-қатерді жою үшін "Қазселденқорғау" ШҚ филиалымен қар көшкінін жасанды түсіруді жүргіземіз. Әзірге облыста көшкін қаупі сақталады. Алдағы күндері қауіпті беткейлерде профилактикалық жұмыстарды жалғастырамыз, - деп атап өтті ШҚО ТЖД ТЖ алдын алу басқармасы бастығының міндетін атқарушы Дина Бексұлтанова.
Соңғы күндері 2 рет жарылыс жүргізіліп, 13400 текше метр қар массасы түсірілді.