Азаматтық некедегі әйелі 3 млн теңге қарызға батырған
43 жастағы Шемонаиха тұрғынын өзімен бірге тұратын әйел алдап соққан
Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны бірге тұратын ер адамының атына жасырын несие ресімдеген, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Шемонаиха аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне 43 жастағы ауыл тұрғыны жүгінген. Ер адам белгісіз адам оның атына 2 800 000 теңгеден астам сомаға несие ресімдегенін хабарлаған, - делінген ШҚО ПД баспасөз таратқан ақпараттта.
Өтінішті қабылдағаннан кейін тәртіп сақшылары іске кіріскен. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде полицейлер алаяқтық жасады деген күдіктіні анықтап, ұстаған.
Өтініш берушімен бірге тұратын азаматшаның қылмысқа қатысы бар екені анықталды, кейіннен ол кінәсін мойындады. Қаскөй ер адамның телефонынан мобильді банктік қосымшасы арқылы несие ресімдегені белгілі болған, - делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-ның 190-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы жазбаша қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.