Өскемен
ясно
-18°
  • Өскемен
    -18°
  • Алматы
    -7°
  • Астана
    -9°
  • Ақтөбе
    -7°
  • Актау
    +3°
  • Орал
    -4°
  • Қарағанды
    -9°
  • Көкшетау
    -10°
  • Қостанай
    -10°
  • Қызылорда
    -6°
  • Павлодар
    -16°
  • Петропавловск
    -12°
  • Тараз
    -2°
  • Туркестан
    -6°
  • Шымкент
    +2°
$
515.25
+0.32
535.91
-0.13
¥
70.6
+0.05
5.18
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Самарда көлік мұз астына түсіп кетіп, бір адам қаза болды

Кеше Казнаков өткелінде паромды күтпей мұз үстімен өтпек болған көлік суға түсіп кетті

Усть-Каменогорск и ВКО / Самарда көлік мұз астына түсіп кетіп, бір адам қаза болды

Көлікте отырған бес адамның біреуі суға батып кеткен, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

6 желтоқсанда шамамен 19.00-де Самар ауданындағы Бұқтырма су қоймасында Казнаков өткелі ауданында паромды күтпестен "Мерседес-Бенц" маркалы жеңіл автокөлік әлі қата қоймаға мұз бетіне шығып, жағадан 800 метр қашықтықта суға құлап кетті, - деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі. - Салонда 5 адам болған. 4 адам көліктен өз бетінше шығып, шамамен 72 жастағы қарт әйел көліктен шыға алмай суға батып кетті.

Оқиға орнына Күршім ауданының сүңгуір жабдықтарымен ШҚО ТЖД-ның 4 қызметкері дереу жеткен, Өскемен қаласынан қосымша 6 құтқарушыдан тұратын топ келді. Оқиға орнында су қоймасындағы мұздың қалыңдығы шамамен 15 см. Тыйым салу белгілері алдын ала орнатылған. Белгіленген кесте бойынша паром өткелі жұмыс істеп тұр.

ШҚО ТЖД азаматтарға қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді. Адамның мұзға шығуы үшін қауіпсіз-қалыңдық 10 см-ден, жеңіл автомобильдің шығуы үшін 30 см-ден кем емес. Қараңғыда, әсіресе тыйым салу белгілері бар жерлерде мұзға шығуға тыйым салынады. Алдымен өткелдің орнын, мұздың қалыңдығы мен беріктігін, жағалаулардың тік болуын және жағалаудағы мұздың күйін анықтау керек. Мұздың өзі ғана емес, қар басқан жағаға шығу да маңызды мәселе. Машина бір орнында тұрып қалуы да мүмкін, ал жағалаудағы онсыз да әлсіз мұзға қосымша салмақ түссе, мәселе ушыға түседі. Мұз бетінде абайлап, ақырын жүру керек және қозғалтқыштың иінді білігінің орташа айналымындағы аралық берілістерде алдын-ала таңдалған бағытта ғана қозғалу керек. Көліктің есіктерін ашық ұстаған жөн. Қалай болғанда да, оларды орталықтан құлыптамауы керек және әрбір жолаушы қауіп төнген жағдайда көліктен дереу шығуға дайын болуы керек.

Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлау қажет.


Следующая →