Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да айыппұлын төлемей жүргендерді жол үстінен ұстап алмақ

ШҚО-да үш күн бойы "Борышкер" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтеді

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да айыппұлын төлемей жүргендерді жол үстінен ұстап алмақ
Фото:
ШҚО ПД баспасөз қызметінен

Әкімшілік іс бойынша қабылданған айыппұл салу туралы қаулыларды уақтылы орындау мақсатында облыс аумағында 01-03 желтоқсан аралығында "Борышкер" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО ПД-ға сілтеме жасап.

Осы іс-шара шеңберінде жолдарда прокуратура, Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының өкілдерін тарта отырып, борышкерлерді анықтау бойынша рейдтер жүргізілетін болады, - делінген ШҚО ПД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 811-бабының (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу тәртібі) талаптарына сәйкес, азаматтардың әкімшілік хаттама толтырылған сәттен бастап 7 тәулік ішінде айыппұл сомасының 50%-ын қысқартылған іс жүргізу тәртібімен төлеуге құқығы бар екенін хабарлайды. Бұл құқық пайдаланылмаған жағдайда, толық соманы ерікті түрде, бірақ отыз тәуліктен кешіктірмей төлеуге мүмкіндігі бар.

Өзге жағдайда, айыппұл салу туралы қаулы атқарушылық тәртіппен мәжбүрлеп өндіріп алу үшін жіберіледі, - делінген хабарламада. - Осыған байланысты, Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті алдағы уақытта әкімшілік айыппұл түріндегі жауапкершілікке тартылмау үшін жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ұсынады.

Следующая →
Тақырыптар: ШҚО ПД Борышкер ЖПШ