Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да көлікті қар көшкіні басып қалды

Оқыс оқиға Өскемен - Рахман қайнарлары тасжолының серпантинінде орын алған

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да көлікті қар көшкіні басып қалды
Фото:
Рolisia.kz

Көлік ішінде бес адам болған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.

Боран кезінде ерлі-зайыпты үш жолаушымен бірге көлікпен Өскеменнен Алтай қаласына шыққан. Таңғы сағат 05.00-де Өскемен - Рахман қайнарлары тасжолының серпантинінде көлікті қар көшкіні басып қалды, - делінген хабарламада.

Бұл күні Серебрянск қаласы полиция бөлімінің бастығы Қайрат Сұлтанғалиев, Серебрянск қаласы полиция бөлімінің бастығы Ернұр Макиленов, Алтай ауданы полиция бөлімі ЖТИ мемлекеттік автоинспекторы Орынбасар Тұрғанов жолды патрульдеуге шыққан.

Тәртіп сақшылары қар басқан көлікті көріп, көмекке барған.

Алдымен полиция қызметкерлері көлікті күрекпен қазып алып шығуға тырысқан. Алайда нәтиже болмаған. УАЗ автокөлігімен сүйреу де нәтиже бермеген. Сондықтан қызметкерлер көмекке грейдер тракторын әкелген. Оның көмегімен автокөлікті қар құрсауынан шығару мүмкін болды, - делінген полиция хабарламасында.

Алтай қаласына жолға шыққан үш жолаушыны полицейлер жолшыбай көліктерге отырғызып жіберген. Ал Өскемен қаласына жолдың жабық болуына байланысты ерлі-зайыпты Серебрянск қаласында қалды. Оларға құқық қорғау органдарының қызметкерлері ыстық шай мен түскі ас беріп, қонақүйге орналастырды.

Следующая →
Тақырыптар: ШҚО ПД Қар көшкіні