Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да 2 мың гектарға жуық жер мақсатсыз пайдаланылуда

Ал шаруашылығы барлар жайылымдық жерден таршылық көріп отыр

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да 2 мың гектарға жуық жер мақсатсыз пайдаланылуда
Фото:
редакция мұрағатынан

Жуырда облыстық жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері аймақтағы 2,5 миллион гектар жайылымдық жердің 1 млн 800 мың гектары мақсатсыз пайдаланылғаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерінің ақпаратына сүйенсек, 5 мыңға жуық жер иесінде бірде-бір малы болмай шықты. 2,5 миллион гектар жайылымдық жердің 1 млн 800 мың гектары мақсатсыз пайдаланылған. Бұған қоса, 260 жер учаскесі мүлдем қараусыз жатыр. Иелері өмірден өтіп кетсе де, жер телімдері есептен шығарылмаған. Тіпті, шет елдік азаматтарға берілген учаскелер бар. Ал шаруалар жайылымға жарымай отыр.

Заңға қайшы болса да, жайылым үшін деп берілген жерлер өте көп. Біз соған көз жұма қарап рұқсат берген мекемелердің барлығына жайылымдарды қайтару туралы ұсыным хат жолдадық. Сонымен қатар, жерді пайдалану мерзімі бітіп қалса да, оны қайтармай не мерзімін созбай отырғандар бар. Оларға қатысты нақты істер жүргізіледі, - дейді ШҚО жемқорлыққа қарсы қызмет превенция басқармасы басшысының міндетін атқарушы Арыстан Асқар.

Айта кетейік, осы жылдың мамыр айындағы дерекке сүйенсек, Шығыс Қазақстан облысында соңғы бір жылда 34,8 мың гектар жайылымдық жер мемлекетке қайтарылыпты. Бұл туралы аймақ басшысы Даниал Ахметов өзінің желідегі парақшасында жазған.

Следующая →