Оқушыларға қазақша үйрету үшін ауылға жібермек
Қала балаларына қазақ тілін үйрету үшін ауылдарда тілдік лагерьлер жұмыс істейтін болады
Бұл туралы ШҚО әкімі Даниал Ахметов жазды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Бүгін облыс әкімдігінде өткен отырыста көтерілген тақырыптардың бірі - тіл саясаты мәселесі.
Ауызекі қазақ тілін үйренуге ерекше назар аудару қажет. Ол үшін әлемдік тәжірибені пайдалана отырып, жазда қаладан келген балалар ауылдардағы қазақ отбасыларына келіп, тілдік ортаға енетін тілдік лагерьлер жұмыс істейтін болады, - деп жазды ШҚО әкімі Даниал Ахметов инстаграмдағы өзінің ресми парақшасында. - Әр түрлі этностардың өкілдері өз ана тілдерін үйренуі үшін бізде барлық жағдай жасалғанын атап өткім келеді.
Сондай-ақ, білім беру саласындағы цифрландыру мәселесі талқыланған. Өңірдің барлық мектептерінде IT және робототехника сыныптары жұмыс істейді.
Барлық білім беру мекемелері бейнебақылау жүйелерімен және дабыл түймелерімен жабдықталған, digital East қосымшасы арқылы ата-аналық бақылау бағдарламасы енгізілуде. Сонымен қатар, біздің оқушыларымызды цифрлық оқыту әлемдік үрдістер мен стандарттарға сай болуы үшін арнайы бағдарлама әзірлеумен айналысатын жұмыс тобы құрылады, - деп атап өтті облыс басшысы.