ШҚО-да жыл соңына дейін 3 мыңға жуық пәтер беріледі
Келесі жылы халыққа пайдалануға берілетін пәтер саны 8 мыңға дейін артпақ
Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов мәлімдеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Бүгін облыс әкімдігінің отырысы өтті, онда бірқатар мәселелер талқыланған. Солардың бірі өңірдегі үй құрылысына қатысты.
Осы жылдың соңына дейін біз 317 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға береміз, бұл үш мыңға жуық пәтер. 2023 жылы бұл көрсеткішті сегіз мыңға дейін арттыру жоспарлануда, - деп атап өтті ШҚО әкімі Даниал Ахметов. - Жеке инвестициялар есебінен салынып жатқан коммерциялық тұрғын үйге сұраныс бар, 64 үйге жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде, Өскеменнің 22-ші шағын ауданында құрылыс үшін жер учаскелері ресімделуде.
Ал "Бір қабатты шығыс" бағдарламасы бойынша 126 үй салынып жатса, ШҚО ауылдарында көпбалалы отбасылар үшін тағы 58 үйдің құрылысы жүргізілуде.