О. Бөкей кітапханасы оқушылар арасында шығармашылық байқау жариялады
Оқушылар қиял-қабілеттеріне қарай бейнероликтер, анимация, комикс, сөзжұмбақ, интерактивті онлайн-ойындар ойлап тауып, байқауға қатыса алады
![Усть-Каменогорск и ВКО / О. Бөкей кітапханасы оқушылар арасында шығармашылық байқау жариялады Усть-Каменогорск и ВКО / О. Бөкей кітапханасы оқушылар арасында шығармашылық байқау жариялады](/upload/iblock/2ba/ed2weedi0rav1dwb8q05hncupdvr11wo/VIT2918.jpg)
Байқау Зайсан өңірінің тумасы, балалар жазушысы Марат Қабанбайдың 75 жылдық мерейтойына орайластырылған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі кітапхананың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қара сөздің Қабанбайы атанған жазушының негізгі тақырыбы – балалар әдебиеті. Тіпті сол үшін «Андерсен» атындағы сыйлықтың иегері атанған.
Байқауға 7-17 жас аралығындағы мектеп оқушылары қатыса алады. Жазушы жерлесіміз Марат Қабанбайдың өмірі және әдеби мұрасы (шығармалары) бойынша қазақ және орыс тілінде орындалған келесі шығармашылық жұмыстар қабылданады: бейнероликтер, анимация, комикс, сөзжұмбақ (кроссворд), интерактивті онлайн-ойындар (learningapps.org; genial.ly; wordwall.net, Actionbound), буктрейлер, иллюстрация. (қалаған біреуін, немесе бірнешеуін жасау), - делінген кітапхана хабарламасында. - Айта кетейік, байқауға қатысушылар орындаған жұмысына тақырып қойып, жазушының қай шығармасы бойынша орындағанын көрсетуі керек.
Әдеби шараның мақсаты – Марат Қабанбайдың шығармашылық мұрасын насихаттау және дәріптеу. Балаларға шығармашылық қолдау көрсету.
Жұмыстар 2022 жылдың 24 қарашасынан 1 наурызына дейін (ukcbs@mail.ru поштасына) қабылданады. Ал жеңімпаздар 2023 жылдың 15 наурызында марапатталады.
Барлық сұрақтар бойынша: +7 7778550705, +7 7074949883 (whatsapp) Жиенбекова Жанат.