Өскемен
ясно
-21°
  • Өскемен
    -21°
  • Алматы
    -7°
  • Астана
    -9°
  • Ақтөбе
    -12°
  • Актау
    +3°
  • Орал
    -3°
  • Қарағанды
    -13°
  • Көкшетау
    -12°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    -5°
  • Павлодар
    -19°
  • Петропавловск
    -12°
  • Тараз
    -7°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    -4°
$
514.93
-0.96
536.04
-0.28
¥
70.55
-0.15
5.18
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да табиғат қорғау заңнамасын бұзған 350-ден астам адам анықталды

Өңірде бір ай бойы жүргізілген "Браконьер" ЖПІШ кезінде 1 жарым млн теңгедей айыппұл салынған

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да табиғат қорғау заңнамасын бұзған 350-ден астам адам анықталды
Фото:
ШҚО ПД баспасөз қызметінен

Осы уақыт аралығында 350-ден астам табиғат қорғау заңнамасын бұзушылар жауапкершілікке тартылған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО ПД баспасөз қызметінің ақпаратына сүйеніп.

Браконьерлікті, биологиялық ресурстар объектілерінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу мақсатында ағымдағы жылғы 20 қазаннан 19 қарашаға аралығында Шығыс Қазақстан облысының аумағында "Браконьер" жалпы республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілген болатын, - деп қорытындылады ШҚО ПД баспасөз қызметі. - Оған жергілікті полиция қызметінің, көші-қон және криминалдық полицияның, сондай-ақ "орманға жедел ден қою жасағы" КММ инспекторы, "ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының" аңшылық шаруашылығы күштері жұмылдырылған.

Облыс бойынша барлығы 380-нен астам рейдтік іс-шаралар жүргізілді, оның барысында табиғат қорғау заңнамасын бұзған 10 қылмыстық құқық бұзушылық, оның ішінде 2 заңсыз аң аулау фактісі, 7 балық ресурстарын заңсыз өндіру фактісі және 1 жерді тиісті пайдаланбау фактісі анықталды.

Табиғат қорғау заңнамасын бұзушылардың 358–і әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде: 236 - аң аулау қағидаларын бұзғаны үшін; 101 - балық аулау қағидаларын бұзғаны үшін; 8 - ағаштар мен бұталарды заңсыз кескені үшін; 8 - қаруды сатып алу, беру, есепке алу, сақтау тәртібін бұзғаны үшін; 5- тегіс ұңғылы, газды қару мен патрондарды сақтау, алып жүру, тасымалдау қағидаларын бұзғаны үшін, - делінген ШҚО ПД таратқан ақпаратта.

Құқықбұзушылық жасаған 78 бірлік құрал, оның ішінде 4 қайық, 3 қайық моторы, 6 бірлік атыс қаруы және жалпы ұзындығы 5 850 метр ҚХР өндірген 65 монофиламенттен жасалған синтетикалық ау тәркіленді. Барлық тәркіленген ау өртеліп, жойылды. 

Жалпы сомасы 1 млн 600 мың теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды.



Следующая →