ШҚО-да балаларға 11,3 млрд теңгеге медкөмек көрсетілген
Биыл МӘМС жүйесінде бір балаға жұмсалатын шығын 22 %-ға өскен
Бұл ағымдағы жылдың 9 айындағы көрсеткіш, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ӘМСҚ ШҚОФ баспасаөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстандық балалар МӘМС жүйесінде автоматты түрде сақтандырылғанын еске саламыз. Олар үшін жарналарды ЖСН алған сәттен бастап кәмелетке толғанға дейін мемлекет төлейді. Бұл балаларға ТМККК аясында ғана емес, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетіне кіретін медициналық көмекті де алуға мүмкіндік береді.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры хабарлағандай, емханаларға тіркелген балалар саны жыл сайын артып келеді. Бүгінде Шығыс Қазақстанда 367 656 астам бала бар.
Шығыстардың негізгі үлесін амбулаториялық-емханалық көмек құрайды. Ағымдағы жылдың 9 айында оған 6,6 млрд теңге жұмсалды.
Осы кезеңде балалар тәулік бойғы стационарларда 100 мың жағдайда 4,2 млрд теңгеге жуық, күндізгі стационарларда 1 640 жағдайда 110 млн теңгеге жуық қаражатқа емделді. 2022 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша балаларға жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетуге шамамен 20 млн теңге бөлінді.
МӘМС жүйесі енгізілгелі медициналық оңалту сынды маңызды бағыт қарқынды дамып келеді. Балалар көрсеткіштері бойынша оңалтуға тегін жіберіледі. Аталған кезеңде тәулік бойғы және күндізгі стационарлар жағдайында екі мыңға жуық бала 292 млн теңгеден астам қаражатқа емделді, - деп атап өтті ӘМСҚ ШҚО филиалы директоры Нұрлан Қыдырбаев.
Сондай-ақ, аурулардың алдын алуға көп көңіл бөлінеді. Аталған кезеңде мектеп медицинасы қызметтері үшін 1,1 млрд теңге төленді.
МӘМС жүйесі халықтың әлеуметтік осал топтарына тегін стоматологиялық көмек көрсетуге мүмкіндік беретіні белгілі. Талдау көрсеткендей, МӘМС бойынша стоматологиялық көмектің негізгі тұтынушылары балалар болып табылады. 2022 жылдың 9 айында 1,5 млрд теңгеге стоматологиялық қызмет көрсетілді, – деп мәлімдеді Қор өкілдері.
Жалпы алғанда, еліміз бойынша 1 балаға арналған шығыстар 2021 жылғы 54,1 мың теңгеден 2022 жылы 65,8 мың теңгеге дейін ұлғайды.
Егер сізде медциналық қызмет көрсету бойынша сұрақтар туындаса, оларды өз емханаңыздағы «Пациенттерді қолдау» қызметіне хабарласып, қоя аласыз. Егер ол жерде мардымды жауап ала алмасаңыз, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының өзіңізге ыңғайлы байланыс арнасы арқылы өтініш жібере аласыз: fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyryBot.
Дәл осы құралдар сақтандыру мәртебесін тексеруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жүргізілген төлемдер туралы ҚР электрондық үкіметінің egov.kz сайтында, «Денсаулық сақтау» бөлімінде, «Медициналық қызметтер туралы және МӘМС-те аударылған сомалар туралы ақпарат» мемлекеттік қызметі арқылы білуге болады.