Ертең ШҚО-да қалың қар жауады
23 қарашада Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде, әсіресе облыстың солтүстігінде, шығысында қалың қар жауады
![Усть-Каменогорск и ВКО / Ертең ШҚО-да қалың қар жауады Усть-Каменогорск и ВКО / Ертең ШҚО-да қалың қар жауады](/upload/iblock/213/uqhi5irglyxpxmi45ic5ymk7hic92azg/imgonline_com_ua_Resize_69vnRgA6grsL.jpg)
"Қазгидромет" ақпараттарына сүйенсек, облыстың солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде боран болады. Облыстың солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде солтүстік-батысында жел екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
Осыған байланысты ШҚО ТЖД шалғай жолға шықпауды ескертеді. Боран кезінде жолдың көрінуі нашарлайды, қозғалыс қиындап, кептеліс, жаппай апат қаупі бар.
Автожолдардың жай-күйі, дауылды ескертулер туралы ақпаратты "Дармен" тегін мобильді қосымшасынан білуге болады.
Төтенше жағдайлар туындаған кезде "112" телефоны бойынша хабарлаңыз.