Шығыс Қазақстанда 537 сайлау учаскесі ашылды
Шығыс Қазақстан облысында 537 сайлау учаскесі құрылды, оның ішінде 32-сі азаматтардың уақытша тұратын жерлерінде орналасқан
Облыстық сайлау комиссиясының мәліметінше, облыста барлығы 549 сайлау комиссиясы бар, оның ішінде 12 аумақтық, 537 учаскелік, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Оларда комиссиялардың 3609 мүшесі, оның ішінде аумақтық сайлау комиссияларының 84 мүшесі және учаскелік сайлау комиссияларының 3525 мүшесі жұмыс істейді.
Учаскелер жергілікті уақыт бойынша 7.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді.
Өңірде 500 мыңға жуық шығысқазақстандық дауыс беру құқығына ие.
Бұл ретте дауыс беру барысын бақылауды қоғамдық ұйымдардың, саяси партиялардың байқаушылары, Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың сенім білдірілген адамдары жүзеге асырады.