Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әскерде өткен бір жыл не үйретеді?

Өскемен қаласында Отан алдындағы борышын өтеген сарбаз естеліктерімен бөлісті

Усть-Каменогорск и ВКО / Әскерде өткен бір жыл не үйретеді?

Қыркүйектен бері ШҚО-да күзгі әскерге шаөырту науқаны жүріп жатыр. Ол желтоқсанның аяғына дейін жалғасады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Төрт айда еліміздің әскери құралымдарында 18-27 жас аралығындағы 18 мыңға жуық жас сарбаз сап түзейді.

Ал әскери борышын өтеуге келген сарбаздардың мойнына қандай міндеттер жүктеледі, оларға не үйретіледі?

Өскемен қаласындағы 5518 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын адал өтеп, үйіне кетіп бара жатқан Абылай Талғарбай болашаққа айқын мақсат пен түзу бағдар тапқанын айтады.

2021 жылғы 19 қарашада Өскемендегі 5518 әскери бөліміне қабылдандым. Кіре берістен әскери оркестр музыка ойнап, басшы құрам жылы қабақпен күтіп алды. Әскердегі тұрмыс-тіршілік мен тамақтанудың өзгешілігіне үйренуім ұзаққа созылды ма, білмеймін, алғашқы күндері бұрын үйден қатты ұзап көрмеген 19 жасар балаға оңай болған жоқ, - деп еске алады қатардағы жауынгер. - Бөлімнің ішінде құрылған оқу пунктінде 1 ай бойы қару-жарақтың материалдық-техникалық құрылымы оқытылып, атқаратын қызметіміз үйретіліп, саптық даярлық жүргізілді.

Әне-міне дегенше әскери ант қабылдайтын уақыт та жеткен. Абылай ол күннің мәңгі есінде қалатынын айтады.

Әскерде өткен бір жылымды ант қабылдағанға дейін және кейін деп екіге бөлсем де болады. Оқу пунктінде нәрестеге қасық ұстатқандай кейіпте едік, енді болса қанатын аспанға кең жайған қайсар құстай батылдық пен құлшыныс туды бойымда. Сөйтіп, 1-жедел мақсаттағы батальонның жауынгерлік қамтамасыз ету ротасына бөліндім, - дейді Абылай.

imgonline-com-ua-Resize-9d6f2r45PlOVn.jpg

Өзінің айтуынша, әскери қызметінің қызықты күндері сол кезде басталған көрінеді.

Алғашқы қызметім Өскемен қаласының көшелерін кешкі сағат 18.00-ден бастап, түнгі 00.00-ге дейін патрульдеу болды, - дейді сарбаз. - Ол жерде өз бойымда қырағылық пен жылдам әрекет ету сияқты қасиеттерді дамыттым. Қалада өткізілетін іс-шаралар мен меркелер кезінде әскери тізбекте тұрдым. Қала маңындағы өрттерді жоюға қатыстым. Бөлімнің мәдени іс-шараларында да бой көрсетіп жүрдім. Қызығы мен қиындығы қатар жүретін әскери қызметте мені жігерлендіріп, қолдау көрсеткен командирім аға лейтенант Мирас Мухамадиевке алғысым шексіз. Мен ол кісіні мотиваторым және өмірлік тәрбиешім деп қабылдап, айтқандарын екі етпеуге тырыстым. Менің бойымдағы сенімділік пен батылдыққа үлгі болған ағамнан көп нәрсені үйрендім. Мен үшін әскерге бару жай ғана борышым емес, ол нағыз ер жігіттің асыл жолы - баға жетпес өмір жолы. Кейін ӘЖК патрульдеу көлігін жүргіздім. Бөлім командирінің қызметтік көлігінің жүргізушісі болдым. Қысқаша айтқанда, тәжірибем артып, бірнеше марапаттарға да ие болдым.

Марапаттардан бөлек Абылай бір жылдың ішінде өзіне нағыз дос тауып, болашағына мақсат пен бағдар тапқанына қуанышты. Ол бұрынғыдай бала Абылай емес, қазір жаңа Абылай болып қайтып барады.

Следующая →