Өскеменде көлік апаты болып, адам өмірін қиды
Бүгін таңғы уақытта Жібек жолы даңғылындағы "Магнум" супермаркеті маңында оқып жол-көлік апаты орын алып, бір адам көз жұмды
![Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде көлік апаты болып, адам өмірін қиды Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде көлік апаты болып, адам өмірін қиды](/upload/iblock/b21/2fshtmp2t0brhsp5ks4hnd0xe11orvzn/imgonline_com_ua_Resize_d6EX1uZMzplu.jpg)
LADA Kalina маркалы автокөлігін тізгіндеген әйел адам автокранмен соқтығысқан. Апат салдарынан жеңіл көліктің 31 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды (абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы ережелерін бұзу). Бірқатар сот сараптамалары тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Қала тұрғындары әлеуметтік желіде оқиғаға жолдың осы учаскесінде бағдаршам орнатылмауы себеп болуы мүмкін екенін жарыса жазып жатыр.