Өскеменде көлік апаты болып, адам өмірін қиды
Бүгін таңғы уақытта Жібек жолы даңғылындағы "Магнум" супермаркеті маңында оқып жол-көлік апаты орын алып, бір адам көз жұмды
LADA Kalina маркалы автокөлігін тізгіндеген әйел адам автокранмен соқтығысқан. Апат салдарынан жеңіл көліктің 31 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды (абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы ережелерін бұзу). Бірқатар сот сараптамалары тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Қала тұрғындары әлеуметтік желіде оқиғаға жолдың осы учаскесінде бағдаршам орнатылмауы себеп болуы мүмкін екенін жарыса жазып жатыр.