Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да ағымдағы жылы 500-ге жуық нәресте шала туылған

17 қараша - бүкіл әлемде Халықаралық шала туылған нәрестелер күні

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да ағымдағы жылы 500-ге жуық нәресте шала туылған

Жыл сайын әлемде 15 миллион сәби 40 аптада мерзімінен бұрын дүниеге келеді екен, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Ал Қазақстанда жыл сайын 22 мыңға дейін осындай сәбилер (4,9-5%) туылады. Мәселен, 2022 жылдың 10 айында Шығыс Қазақстанда мерзімінен бұрын 499 сәби туылған. Неонатологтардың жұмысының арқасында бүгінде елемізде шала туылған балалардың өмір сүру көрсеткіші артып, бүгінде 70-80 пайызға жетіп отыр.

Шала туылған нәрестелердің өмір сүру көрсеткішін жақсарту үшін Қазақстанда ДДСҰ ұсынған және дәлелді медицина қағидаттарына негізделген өкпе тінінің жетілуіне арналған жаңа технологияларды және заманауи диагностикалық және емдеу аппаратурасы мен дәрілік заттарды пайдалана отырып, жаңа туған нәрестелерді реанимациялау және қарқынды терапия әдістері енгізіліп, үздіксіз дамуда.

Біздің елімізде барлық жүкті әйелдер ұрықтың дамуын міндетті түрде скринингтік тексеруден өткізеді (перинаталдық скрининг). Қандай да бір патология анықталған кезде бейінді аралас мамандардың консилиумы жүргізіліп, онда әйелдің одан әрі босану тактикасы, әдісі және орны айқындалады, - деп атап өтті ӘМСҚ ШҚОФ баспасөз қызметі. - Баланың ауруларын ерте диагностикалау мақсатында, туылғаннан кейін бірден перзентханаларда тұқым қуалайтын метаболикалық ауруларды ерте анықтауға бағытталған және барлық жаңа туған нәрестелерді фенилкетонурия мен туа біткен гипотиреозға тексеруді қоса алғанда, неонатальды скрининг жүргізіледі. Неонатальды скринингтер толықтай МӘМС пакетінде Қор активтерінен қаржыландырылады.

Барлық жаңа туған нәрестелерде және ерте жастағы балаларда (6 жасқа дейін қоса алғанда) есту қабілетінің бұзылуын уақтылы анықтау мақсатында психофизикалық дамудың бұзылуын ерте анықтауға, балалардағы көру және есту функцияларын бағалауға, коммуникациялардың бұзылуына бағытталған аудиологиялық скрининг, психофизикалық скрининг жүргізіледі.

Дене салмағы аз балаларда (2500 г-нан аз) шала туылған нәрестелердің ретинопатиясына скрининг жүргізіледі, одан кейін неғұрлым ерте мерзімде хирургиялық емдеу жүргізіледі.

Ерте жастағы балаларға күтім жасау мәселелері бойынша кеңес беру үшін аймақтың барлық емханаларында баланы дамыту кабинеттері ұйымдастырылған.

Следующая →