Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде мектептерге бомба қойылғаны туралы кім хабарлағаны белгілі болды

Осыдан он шақты күн бұрын ШҚО орталығын бірнеше мектепте жарылғыш зат бар деген ақпарат әбігерге салған еді

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде мектептерге бомба қойылғаны туралы кім хабарлағаны белгілі болды

Ағымдағы жылдың 8 қарашасында Өскемен қалалық білім беру бөлімінің электрондық мекенжайына қаланың 6 мектебіне жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды Устинка LIVE сайты Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл мектептерде тексеріс жүргізіліп, ақпараттың жалған екені анықталған. Қылмыстық іс те қозғалды. Енді сол жалған ақпаратты таратушы да белгілі болды.

15 қарашада жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ШҚО ПД Эктремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ұлттық қауіпсіздік органдарымен бірлесе отырып, жалған хабарлама берген қала мектептерінің бірінің 9-сынып оқушысы екенін анықтады. Оқушы мектептегі тестілеуге дайын болмағандықтан, осындай әрекетке барған, - деді ҚР ІІМ Эктремизмге қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Дархан Разуев.

Ішкі істер министрлігі терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама үшін 5 мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл (бүгінгі күні 15,9 млн теңге) не болмаса осы мөлшерде түзету жұмысына, сондай-ақ бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектеу немесе айыру жазасына тарту көзделгенін ескертеді.

Жалпы жыл басынан бері елімізде осындай фактілер бойынша 140 қылмыстық іс қозғалған. Қылмыс жасағандары үшін 36 адам ұсталса, олардың 17-сіне қатысты сот әр түрлі жаза тағайындаған.

Қылмыстық жауаптылық 14 жастан басталады, сондықтан оны мектеп оқушыларына да ескерту қажет, - деп атап өтті Дархан Разуев. - Сонымен қатар, соттың шешіміне сәйкес, осындай хабарламаның салдарынан келтірілген залалдың барлық шығыны өтеледі.Қылмысты кәмелетке толмаған бала жасаған болса, шығын ата-анасынан өндіріледі.

Осы жалған шақыртуларға арнайы қызметтердің шығуына 300 мың теңгеге жуық шығын шығады, ал мекемелер мен ұйымдардың жұмысын тоқтату миллиондаған шығынға батырады.





Следующая →