Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Келер жылы облыстағы қай жолдар жөндеу көрмек?

Бүгін облыс әкімі өңірдегі жолдарды салу және жөндеу бойынша кеңес өткізді

Усть-Каменогорск и ВКО / Келер жылы облыстағы қай жолдар жөндеу көрмек?
Фото:
редакция мұрағатынан

Алдағы уақытта Риддерге апаратын жол екі есеге қысқармақ, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО әкімдігіне сілтеме жасап.

Жұмыс тобы Тарханка мен Топиха арқылы Черемшанкаға және одан әрі Риддерге шығатын жолды зерттеді, - деп жазды облыс әкімі Даниал Ахметов инстаграм әлеуметтік желісіндегі өзінің ресми парақшасында. - Онда жол өтпесі мен көпір салу, учаскелерді асфальттау қажет. Өйткені осындай кешенді жұмыс туризм мен бизнестің дамуына жаңа серпін береді, Риддерге баратын жол уақыты екі есеге қысқарады.

Октябрь өткелінен Алтай қаласына дейінгі жол учаскесін, сондай-ақ "Өскемен - Самсоновка - Тарғын - Самарское", "Предгорное — Веселовка" учаскелерін орташа жөндеу көзделген.

Сондай-ақ, Ақжар ауылынан Зайсан тас жолына шығатын жолды қайта жаңарту қажеттігі де айтылды.

Өйткені Зайсандағы ауруханаға МРТ қондырғысы орнатылады. Яғни жақын аудандардың тұрғындары бұл процедураға кедергісіз келуі үшін жол қолайлы болуы тиіс, - деп атап өтті өңір басшысы.

Марқакөл ауылына дейінгі жолды жөндеу де қарастырылды.


Сарапшылар Первомай кенті арқылы Шемонаихаға баратын жолды тексереді. Қазірдің өзінде көктемде жол-құрылыс жұмыстарын бастау үшін жобаларды құжаттау және сараптау жұмыстары басталды, - деді Даниал Ахметов.

Следующая →