Полицияны балағаттаған ШҚО тұрғыны 20 сағат қоғамдық жұмыс жасайды
Учаскелік полиция қызметкерін балағаттаған Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны қоғамдық жұмысқа тартылды
Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны ішімдік ішіп, әйелінің мазасын алған. Әйел учаскелік полиция қызметкерін үйге шақырып, ішімдікке мас жолдасын тыныштандыруды өтінген, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Алайда азамат учаскелік полиция қызметкерінің өзін балағаттап, билік өкілін қорлаған. Осы ісі үшін азамат жауапкершілікке тартылды.
Сот отырысында азаматқа қатысты ҚР ҚК-ның 378-бабы (Билік өкілін қорлау) бойынша іс қаралды. Сот барысында азамат полиция қызметкерін балағаттағанын мойындады. Ер адам ҚР ҚК-ның 378-бабы бойынша айыпты деп танылып, 20 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды. Қазіргі уақытта сотталған пробация қызметінің есебіне қойылып, күніне төрт сағат қар тазалап, қоғамдық орындағы қоқыстарды тазалау жұмыстарын атқарып жатыр.