ШҚО-да паллиативті көмек қайда көрсетіледі?
ШҚО фтизиопульмонологиялық орталықта паллиативті көмек көрсететін бөлім ашылды
Облыстық фтизиопульмонологиялық орталықта облыс тұрғындары енді паллиативтік медициналық көмекті тегін ала алады (тегін медициналық кепілдендірілген көмек пакеті аясында), деп хабарлайды Устинка LIVE ШҚО МӘМС баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйеніп.
Паллиативті көмек - дертті жеңілдету және емделушінің өмір сапасын жақсартуға бағытталған емдеу. Бұл пациентке ғана емес, оның отбасына да көрсетілетін көмек түрі деуге келеді.
Онкопатологиясы, жүрек-қантамыр жүйесінің бұзылуы, инсульт пен инфаркт салдары, бауыр мен бүйректің созылмалы аурулары бар емделушілерге тәулік бойы медициналық бақылау, кәсіби және сапалы күтім Өскеменде тек облыстық фтизиопульмонологиялық орталығында көрсетіледі, - деп мәлімдеді ШҚО МӘМС баспасөз қызметі. - Медициналық қызметтер кешені соматикалық жағдайды жеңілдетуге, радикалды емдеу көрсеткіштері болмаған кезде әртүрлі аурулардың ауырсынуын және ауыр көріністерін жеңілдетуге бағытталған.
Паллиативтік медициналық көмек ТМККК пакетіне кіргендіктен әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтерімен қаржыландырылады, яғни пациенттер үшін тегін. Ол үшін медициналық ақпарат жүйесінің (МАЖ) ақпараттық порталында учаскелік дәрігерден ауруханаға жатқызуға жолдама алу қажет.
Сондай-ақ, жолдамадан басқа зертханалық және аспаптық әдістермен зерттеулердің қорытындылары қажет.
Егер пациенттің өздігінен тексерілуге мүмкіндігі болмаса (қимыл-қозғалысы бұзылса – парездер, параличтер немесе жағдайы ауыр болса), бұл жағдайда қажетті зерттеулер орталықтың өзінде жүргізіледі.