Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

"Мектептерге жарылғыш зат қойылды" деген ақпарат жалған болып шықты

Өскемендегі мектептерде бомба қойылғаны туралы жалған ақпарат таратқандар анықталса, жауапқа тартылады

Усть-Каменогорск и ВКО / "Мектептерге жарылғыш зат қойылды" деген ақпарат жалған болып шықты

Бүгін әлеуметтік желіде облыс орталығындағы бірнеше мектептің оқушылары эвакуацияланып жатыр деген фото/видео тарап кетті. Қаладағы бес-алты мектептегі екінші ауысымның сабақтары болмай қалды. Мектептерге жарылғыш заттар қойлыған деген ақпарат шықты. Бұл оқу орындары маңында жедел жәрдем, полиция және өрт сөндіру көліктері де тұрған.

Полиция қызметі аталған ақпараттың рас-өтірігін анықтап, нәтижесін жариялады.

Ағымдағы жылдың 8 қарашасында сағат 10.41-де Өскемен қаласының алты мектебінде жарылғыш құрылғының қойылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Сигнал алғаннан кейін мамандандырылған қызметтер дереу оқиға орнына кетті, - деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі. - Объектілерді тексеру нәтижелері бойынша қандай да бір қауіпті заттар табылған жоқ. Қызметкерлер мен оқушыларды эвакуациялау жүргізілді. Осы факті бойынша ҚР ҚК-ның 273-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды, қазіргі уақытта жарылғыш құрылғы туралы көрінеу жалған хабарлама таратқан адамдарды анықтау бойынша іс-шаралар жүргізілуде.

Полиция департаменті мұндай құқық бұзушылықтардың қоғамдық резонанс тудыратынын және оның ықтимал салдарларын ескере отырып, 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді.

Следующая →